UFC жанкүйерлері жеңіліп көрмеген қазақстандық Шавкат Рахмоновқа (19-0) титулдық мүмкіндік беруді талап етті. Бұл жағдай жартылай орта салмақта тағы бір үміткердің пайда болуына байланысты туындады, деп хабарлайды Vesti.kz сайты MMAmania басылымына сілтеме жасап.
Наразылық толқынын тудырған стердаун
Жуырда UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы, ресейлік Ислам Махачев (28-1) дивизионның бұрынғы чемпионы Камару Усманмен (21-4) көзарбасып, стердаун өткізді. Бұл сәт әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, титулдық жекпе-жек болатынына бір белгі ретінде қабылданды.
Жанкүйерлер шулап кетті: Усман емес, Рахмонов
Алайда жанкүйрелердің бұған жауабы қатаң болды. Стердаун видеосының астындағы пікірлерде жанкүйерлер рейтингтің екінші сатысында тұрған, жеңіліссіз келе жатқан Шавкат Рахмоновтың суреттерін жаппай жариялай бастады. Олардың пікірінше, чемпиондық жекпе-жекке ең лайық әрі логикалық үміткер қазақстандық файтер екен.

«Чемпион үшін ең қолайсыз қарсылас»
Бұған дейін Рахмоновтың өзі де Махачев үшін дивизиондағы ең қауіпті қарсылас екенін айтқан болатын. Қазақстандық файтер жағдайға байланысты дереу титулдық айқасқа да, қажет болса аралық жекпе-жекке де дайын екенін жеткізген.
Жартылай орта салмақтағы жағдай
Қазіргі таңда UFC тарапынан ресми шешім жоқ. Алайда жанкүйерлердің реакциясы бір нәрсені анық көрсетті: ықтимал титулдық жекпе-жекте олар бұрынғы чемпионды емес, Шавкат Рахмоновты көргісі келеді. Жартылай орта салмақта чемпиондық мүмкіндік үшін бәсеке одан әрі күшейе түсті.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында UFC 310 турнирінде октагонға шығып, ирландиялық Иэн Гэрримен (17-1) бес раунд айқасып, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен. Сол кездесудегі алған жарақатына байланысты ол 2025 жылғы маусымды түгел өткізіп алды.
Ал Ислам Махачев соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың қарашасында UFC 322 турнирінде өткізді. Титулдық кездесуде ол аустралиялық Джек Делла Маддаленаны (18-3) жеңіп, жартылай орта салмақта UFC белбеуін тартып алды
Жарнама