Шавкат Рахмонов үшін келесі айқастың қауіпті екені айтылды

11 қазан 2022 09:51
©DAR TEAM

Etvpass.com порталы қазақстандық Шавкат Рахмоновтың (16-0) америкалық Джефф Нилмен (15-4) жекпе-жегіне қатысты материал жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

"14 қаңтарда Шавкат Рахмонов UFC-дің 2023 жылдағы бірінші турнирінде қайтадан октагонға шығады. Қарсылас кім болатыны туралы көптеген қауесеттен кейін Джефф Нилге таңдау түсті. 

Америкалық пен қазақстандық орта салмақ рейтінгінде алтыншы және оныншы. Жеңімпаз өз дивизионында бесінші орынға шыға алады. Бұл айқастың Рахмоновтың жеңіс сериясын үзіп жіберу қаупі бар. Нил менсінбей қарайтын қарсылас емес", - деп жазыпты басылым. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport