MMA
Бүгін 10:39

Шавкат Рахмонов UFC титулы үшін кіммен айқасатыны белгілі болды

©Тұрар Қазанғапов

Жартылай орта салмақта UFC чемпионы америкалық Белал Мухаммад (24-3) титулын қорғау алдында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz

Оның осы жолғы қарсыласы рейтингте төртінші тұрған аустралиялық Джек Делла Маддалена (17-2), ол жарақаты толық жазылмағандықтан осы айқасқа шыға алмайтын Шавкат Рахмоновты (19-0) алмастырды.

Мухаммад қарсыласынан барлық жағынан басым екеніне және оны оңай жеңетініне сенімді.

"Олар менің қолым мен соққымды дұрыс бағаламаған секілді. Мен октагонға шығып, Джекті таптап өтемін", - деп береді тегі палестиналық чемпионның сөзін Chatsports.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport