Жеңілмеген қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов (15-0) UFC ұйымының жартылай орта салмақ рейтингінің топ-15 тізіміне кірді. Промоушен рейтингі Tsn.ca сайтында жаңартылғаннан кейін белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл көрсеткішке Рахмонов, 6 ақпанда гайаналық Карлстон Харристі (17-5) нокаутпен жеңгеннен кейін жетті.
Қазір Шавкат жартылай орта дивизионда 15-орында тұр. Бұған дейін бұл орында "Кунг-фу патшасы" лақап атымен белгілі ресейлік Муслим Салихов тұрған еді.
Айта кетейік, промоушеннің ресми сайты мәліметтерді әлі жаңартқан жоқ, жаңа тізім бүгін жария етілу керек.
Бұған дейін ешбір қазақстандық UFC-дің топ тізіміне кірген емес.
Рахмоновтың өзі бұл жаңалыққа қатысты қысқа пікір білдірді: "Иншаллах, ары қарай бұдан да жоғары".