Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде үздік үштікке енді

20 желтоқсан 11:48
©Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов (18-0) UFC-дің жаңартылған рейтингінде жартылай орта салмақта екі саты жоғарылап, үздік үштікке енді. 

Шавкат бұған дейін бесінші орында болған. Отандасымыз жексенбі күні Лас-Вегаста америкалық Стивен Томпсонды қылқындыру әдісімен ұтып, кезекті жеңісіне қол жеткізді. Нәтижесінде 3-орында тұрған америкалық Колви Кобингтонды 2 саты төмен сырғытты. 

Жартылай орта салмақта чемпиондық атаққа ие – Леон Эдвардс (23-3). Британдық спортшы отандасымызбен шайқасуға қарсы емес. Үздік үштікке енген Шавкат та чемпионға қарсылас атануы да мүмкін. 

Рейтингте Шавкаттан жоғары Камару Усман мен Белал Мұхаммед тұр. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport