Шавкат Рахмонов UFC-дегі көшбасшылықтан айырылды

24 сәуір 2023 10:56
©UFC

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC-дегі мерзімінен бұрын жеңістер бойынша көшбасшылықтан түсіп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz

UFC Fight Night 222 турнирінде ауыр салмақтағы ресейлік Сергей Павлович америкалық Кертис Блэйдсті бірінші раундта нокаутқа түсірді. 

Осылайша, Павлович алтыншы рет мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Онымен қоса, ол жекпе-жектерінің бәрін бірінші раундта аяқтаған. Енді оның рекорды UFC-де 6-1 (18-1 жалпы ММА-де).

Еске салайық, Рахмонов UFC-де қатарынан бес жеңіс сериясымен келеді. Ал жалпы рекорды 17-0.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport