MMA
29 мамыр 2025 15:49
 

Шавкат Рахмонов UFC-дегі келесі айқасына жаттығуды бастады

  Пікірлер

blog.share

Шавкат Рахмонов UFC-дегі келесі айқасына жаттығуды бастады ©Тұрар Қазанғапов

UFC-дің жартылай орта салмақтағы қазақстандық файтері Шавкат Рахмонов (19-0) жарақатына байланысты үзілістен кейін жаттығуға кірісті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

UFC-дің жартылай орта салмақтағы қазақстандық файтері Шавкат Рахмонов (19-0) жарақатына байланысты үзілістен кейін жаттығуға кірісті, деп хабарлайды Vesti.kz.

30 жастағы спортшы жаттығу залынан спарринг өткізіп жатқан сәттерін көрсеткен видеомен бөлісті.

Еске салсақ, Рахмонов UFC ұйымының октагонына соңғы рет өткен жылдың желтоқсанында, 310-нөмірлі турнир аясында шыққан. Ол кезде Шавкат америкалық чемпион Белал Мухаммадпен (24-4) титулға айқасуы керек еді. Алайда Мухаммад жарақат алып, жекпе-жектен бас тартты.

Оның орнына Шавкатпен ирландиялық Иэн Гэрри (16-1) шықты. Бұл айқас Шавкат үшін маңызды кезең болды. Біріншіден, ол карьерасында алғаш рет жекпе-жекті толық өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Бұған дейін ол барлық қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп келген. Екіншіден, осы кездесуден кейін Рахмоновқа тізе жарақатын алды деп диагноз қойылып, 2025 жылдың мамырында өтетін чемпиондық айқаста өнер көрсету мүмкіндігінен айырылды. Тіпті, оған ота жасауға тура келді.

Жеңіліп көрмеген қазақстандықтың келесі жекпе-жегі әлі ресми түрде жарияланған жоқ. Алайда оның командасы жанкүйерлерге Шавкаттың жыл соңына қарай октагонға қайта оралатынын айтты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!