Шавкат Рахмонов UFC-де қарсыласын қылқындырып тастады

©vseprosport

27 жастағы қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов UFC Vegas 57 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) жекпе-жекте Шавкат 34 жастағы америкалық Нил Мэгнимен өзара мықтыны анықтады. Орта салмақта өткен айқастың бірінші раундында отандасымыз айқын басымдылық танытты. Ал екінші раундта қарсыласын ауыр соққының астына алған Рахмонов үзіліске дейін үш секунд қалғанда Мэгниді уақытынан бұрын тоқтатты.

Осылайша, Шавкат аталмыш промоушенде қатарынан төртінші рет жеңіске жетті. Ал UFC-де 27 айқас өткізген Мэгни осымен сегізінші мәрте жеңіліс тапты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Показать комментарии