Шавкат Рахмонов UFC-де қанша табатынын айтты

18 сәуір 2023 10:10
©UFC

Қазақстандық Шавкат Рахмонов (17-0) UFC-дегі табысы жайлы айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz

- Кейінгі айқасыңдағы гонорарың қандай болды?

- 200 000 доллардан сәл асады.

- Бұл саған тиістісі ме?

- Иә, бұл менің табысым. Негізі менің деңгейімдегі файтерлер айтарлықтай көп табады. Келісімшарт бар, соны орындау керек, амал жоқ.

- Ал жарнамадан қанша табасың?

- Ол туралы сөйлескім келмейді.

- 200 000 доллардан көп пе?

- Мұнда түрлі нюанс бар және компанияға байланысты. Маркетинг жағынан Қазақстан артта. Кей компаниялар өзіне осындай адам керегін білмей жатады. Егер мен америкалық болғанымда, мен гонорарымнан да көп табатын едім", - дейді Рахмонов. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport