Шавкат Рахмонов UFC-де бесінші рет айқасуға аттанды

13 желтоқсан 2022 10:26
©instagram.com/shavkatrakhmonov94

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық Шавкат Рахмонов (16-0) келесі жекпе-жегін өткізу үшін АҚШ-қа аттанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы файтердің өзі Instagram-парақшасында жазды.

Оның әлемдегі ең әйгілі промоушендегі бесінші жекпе-жегі 14 қаңтар Лас-Вегастағы UFC Fight Night 217 турнирінде өтеді. Рахмоновтың қарсыласы жартылай орта салмақтағы рейтингте жетінші орында тұрған Джефф Нил болмақ.

Қазіргі таңда Рахмонов UFC-дегі төрт жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жеткен.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport