Единоборства
30 қыркүйек 17:14

Шавкат Рахмонов UFC чемпионымен жұдырықтасатын уақыт айтылды

©Vesti.kz/Turar Kazangapov

Британиялық журналист Бен Смит Vesti.kz тілшісіне қазақстандық Шавкат Рахмонов (18-0) жартылай орта салмақта UFC чемпионы Белал Мухаммадпен (24-3) желтоқсанда жұдырықтасатынын айтты.

"Рахмонов сөзсіз чемпиондық айқасқа басты үміткер. Белаладың өзі қорғауды Шавкатқа қарсы өткізгісі келетінін айтты. Оның үстіне Шавкатқа да чемпиондық айқасқа дайын бол делінген. Мұның бәрі Дана Уайт оған мүмкіндік беруге дайын екенін көрсетіп отыр. Рахмоновпен жекпе-жекке шықпаудың жалғыз жөнді себебі - ол Махачевпен айқас. Алайда олай болмайды, сондықтан Рахмонов қана қалды. Бастысы спортшылар дайындық кезінде жарақат алып қалмаса болғаны. Мен Шавкат пен Белал арасындағы айқас желтоқсанда өтеді деп отырмын. 

Басымдық кімде екенін айту қиын. Екеуі де грепплингте мықты. Мүмкін әмбебаптық арқасында қазақстандықта аздаған басымдық болады. Дегенмен айқас немен бітері белгісіз", - дейді Смит. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport