Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың пікірінше, ресейлік Ислам Махачев өз салмақ дәрежесі бойынша UFC промоушенінде біразға дейін үстемдік танытады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Әбу-Дабидегі UFC 280 турнирінің басты айқасында Махачев бразилиялық Чарльз Оливейраны жеңді.
"Ислам – мықты файтер. Менің ойымша, ол үлкен спорттан кетпейінше өз дивизионында осы титулын сақтайтын секілді", - дейді Рахмонов "Вестник ММА" Youtube арнасына берген сұхбатында.
Еске салайық, Рахмонов октагон төріне 15 қаңтар күні оралады. Отандасымыз Лас-Вегаста өтетін UFC Fight Night турнирінде америкалық Джефф Нилмен кездеседі.