Шавкат Рахмонов пен Хамзат Чимаев кімнің соққысы ауыр екенін "анықтады"

©instagram.com, @khamzat_chimaev, shavkatrakhmonov94

Naiza кәсіпқой спорт лигасы UFC файтерлері Шавкат Рахмонов пен Хамзат Чимаевтың соққы күшін өлшеп жатқан видеоларын біріктіре жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық спортшының соққысы 850 келі, ал тегі шешен швециялық файтердікі 856 келі болды.

Айта кетейік, екі спортшы да жартылай орта салмақта өнер көрсетеді. UFC рейтингінде Чимаев төртінші, ал Рахмонов алтыншы орында келеді. 

Көптеген жанкүйерлер осы екі спортшының жекпе-жегін тамашалағысы келеді. Рахмонов бұл мәселеге қатысты жауабында бәрі жағдайға байланысты екенін айтқан: "Егер айқасу керек болса, жекпе-жек ешқайда қашпайды. Мені бұл жекпе-жектің тек спорттық жағы қызықтырады". 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport