MMA
Бүгін 09:12

Шавкат Рахмонов өзіне ұнайтын файтерді атады

©Тұрар Қазанғапов

 UFC-де жеңіліп көрмеген қазақстандық Шавкат Рахмонов (19-0) аралас жекпе-жек өнеріндегі аңыз деп есептейтін үш спортшыны атады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Рахмонов үш аңызды ерекше атап өтті

31 жастағы файтер кезінде Pride ұйымының ауыр салмақтағы чемпионы ресейлік Федор Емельяненконы ерекше ұнатқанын айтты.

Қазақстандық спортшының жеке үздік үштігіне ресейліктен бөлек, хорватиялық Мирко Кро Коп пен америкалық Джон Джонс та енді.

- Өзіңізге ұнайтын файтер кім?

- Шынымды айтсам, маған Федор Емельяненко ұнайтын. Федор, Мирко Кро Коп, Джон Джонс - аңыз файтерлер, - деді Рахмонов YouTube-тегі ALF Global арнасына берген сұхбатында.

Рахмонов октагонға оралуға дайындалып жатыр

Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында UFC 310 турнирінде өткізіп, ирландиялық Иэн Мачадо Гэрриді төрешілер шешімімен жеңді. Осы жеңістен кейін қазақстандық файтердің кәсіпқой рекорды 19 жеңіске жетіп, жеңіліссіз қалды.

Жекпе-жектен кейін Рахмоновтың тізесімен мәселе туындап, салдарынан ол ұзақ уақыт бойы октагоннан тыс қалды. 31 жастағы файтер октагонға 2027 жылдың басында оралады деп жоспарлануда.

Федор Емельяненко кім?

Федор Емельяненко аралас жекпе-жектің ресейлік шебері. Оны көптеген сарапшы мен ММА жанкүйері осы спорттың ауыр салмақ тарихындағы үздік файтерлердің бірі деп санайды.

Емельяненко кәсіпқой карьерасында 48 жекпе-жек өткізіп, 40 жеңіске жетіп, жеті рет жеңілген. Тағы бір айқасы өтпеген деп есепке алынбады (NC).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport