MMA
Бүгін 15:11

Шавкат Рахмонов өзін айқасқа шақырған UFC файтерімен жұдырықтасуға келісті

©Тұрар Қазанғапов

Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (19-0) UFC-ге ороалатыннымеңзеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

19-0 vs 19-0

"Номадтың" келесі қарсыласы эквадорлық Майкл Моралес (19-0) болуы мүмкін. Жекпе-жекті 2027 жылдың қаңтар-ақпан айларында өткізу ықтимал.

Бұл қауесетке Рахмоновтың әлеуметтік желідегі жарияланымдары себеп болды. Қазақстандық файтер екі видео жариялаған. Біріншісінде "19-0 VS 19-0" деген жазу пайда болса, екіншісінде өрмекші-адам эмодзиімен бірге "2027" деген жазу көрсетілген (аттас комикс кейіпкері Майлз Моралеске жасалған ишара).

Осыдан кейін MMA қауымдастығында Рахмонов пен Моралес арасындағы жекпе-жек келесі жылдың басында өтуі мүмкін деген әңгіме тарады.

Моралес Рахмоновты жекпе-жекке шақырған болатын

Моралес бұған дейін де Рахмонов туралы айтып, титулдық жекпе-жек өткізуі мүмкіндігін талқылау кезінде қазақстандық файтерді "дивизионның соңғы боссы" деп атаған.

Алайда әзірге екі файтердің жекпе-жегі туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.

Соңғы жекпе-жектері

Еске салайық, Рахмонов октагонға соңғы рет 2024 жылдың 7 желтоқсанында Лас-Вегаста өткен UFC 310 турнирінде шыққан. Ол кезде қазақстандық файтер ирландиялық Иэн Мачадо Гэрриді төрешілер шешімімен жеңген.

Ал дивизион рейтингінде үшінші орында тұрған Моралес соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың 15 қарашасында Нью-Йорктегі UFC 322 турнирінде өткізді. Ол америкалық Шон Брэдиді бірінші раундта нокаутқа түсірген еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport