Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (19-0) жартылай орта салмақтағы титулды айқас UFC чемпионы Белал Мухаммад (24-3) пен аустралиялық Джек Делла Маддалена (17-2) арасында өтетініне қатысты ойын айтты, деп жазады Vesti.kz.
Негізі тиулды жекпе-жек Рахмонов пен Мухаммад арасында өту керек болатын.
"Белбеу үшін бірінші маған айқасуға ұсыныс жасағаны үшін UFC-ге рахмет. Өкінішке қарай, жарақат салдарынан мен мамыр айына дейін дайын болмаймын. Бірақ осы айқастың жеңімпазымен биыл жекпе-жек өткіземін!" - деп жазыпты Рахмонов әлеуметтік желіде.