Шавкат Рахмонов келесі жекпе-жегінде кіммен жұдырықтасқысы келтінін айтты

26 желтоқсан 16:18
©Тұрар Қазанғапов

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) келесі қарсыласы кім болатынына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Усманмен жекпе-жек мен үшін қызықтырақ болады. Белал меніңше, айқасқа келіспейді. Усман да шыққысы келмейді деп ойлаймын. Былай ешкімді таңдап отырған жоқпын, бірақ тезірек титул үшін жекпе-жекке шыққым келеді. Бәрін уақыт көрсетеді, әзірге кім-кіммен жұдырықтасатыны белгісіз. Күтеміз, ары қарай дайындалу керек", - дейді Рахмонов NAIZA TV YouTube арнасына. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport