Шавкат Рахмонов Каспий теңізіне секірді

20 шілде 2022 22:59
©UFC

Аралас жекпе-жек шеберінің белді өкілі Шавкат Рахмонов (16-0) инстаграм парақшасында Каспий теңізіне түскен видеосын жүктеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Рахмонов Ақтауда Naiza Fighting Championship пен Eagle Fighting Championship промоутерлік компанияларының бірлесіп ұйымдастырған турнирінде арнайы қонақ болып барған.

Еске салайық, Рахмонов маусым айында Лас-Вегаста UFC Vegas 57 турнирінде америкалық Нил Мэгниді екінші раундтың соңғы секундтарында қылқындыру әдісімен жеңді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport