UFC-де өнер көрсететін қазақстандық Шавкат Рахмонов (15-0) промоушенде үшінші жеңісіне жеті. Жекпе-жек UFC Vegas 47 тунирінде өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ивенттің басты кардында 27 жастағы "Номад" 34 жастағы гайаналық Карлстон Харриспен (17-5) жұдырықтасты. Бұл айқас бірінші раундта техникалық нокаутпен бітті.
Ал жалпы ММА-де бұл Шавкаттың 15 кездесудегі он бесінші жеңісі. Рахмонов қасрыластарының бәрін мерзімінен бұрын жеңіп, ешбір айқасын төрешілер шешіміне дейін жеткізбеді.