UFC комментаторы Чейл Соннен жартылай орта салмақтағы қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (19-0) пен америкалық Белал Мухаммад (24-4) жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Шавкат жеңілсе UFC тығырыққа тіреледіСонненнің айтуынша, егер Мухаммад жеңіске жетсе, UFC қиындыққа тап болады, өйткені ол чемпион Ислам Махачевпен айқаса алмайды — екеуі бірге жаттығады және бұған дейін де бір-бірімен төбелесуден бас тартқан.
"Егер Белал жеңсе, онда әрі қарай барар жол жоқ. Ол Исламмен жекпе-жекке шыға алмайды. Ол мұны істей алмайды, себебі Ислам бірде достық үшін онымен жұдырықтасудан бас тартқан болатын", — деп береді сарапшының сөзін MMAnews.
Соннен бұл жерде Шавкатты төмендеткісі келмейтінін атап өтті.
Рахмонов чемпиондық айқасқа екі рет шығы алмады"Ал Рахмонов... Мен Шавкатты бағаламай отырғаным емес. Мақсатым — оны кемсіту немесе ол жеңе алмайды деп меңзеп отырған жоқпын. Мен тек матчмейкингтің қиындығы туралы айтып отырмын", — деді сарапшы.
Еске салсақ, Рахмонов пен Мухаммад 2024 жылдың желтоқсанында октагонда кездесуі тиіс болатын. Алайда сол кезде америкалық спортшы табанындағы инфекцияға байланысты жекпе-жектен бас тартты. Оның орнына Шавкатпен ирландиялық Иэн Гэрри (16-1) айқасып, Рахмонов оны төрешілердің шешімімен жеңді.
Чемпиондық жекпе-жек Мухаммадпен 2025 жылдың мамырына шегерілді. Алайда бұл жолы Шавкат Гэрримен болған айқастан кейін жарақат алып қалды. Енді Шавкаттың орнына Белалмен аустралиялық Джек Делла Маддалена (18-2) шығып, америкалықты жеңіп кетті де, UFC-дің жартылай орта салмақтағы жаңа чемпионы атанды.