Шавкат Рахмонов Хамзат Чимаевпен айқасқа қатысты мәлімдеме жасады

15 ақпан 2022 10:46
©Fightnews.info

Қазақстандық Шавкат Рахмонов MMA kz YouTube-арнасына берген сұхбатында шведциялық файтер Хамзат Чимаевпен жекпе-жек туралы ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

- Қазір қазақстандық жанкүйерлердің көбі сені шведциялық Хамзат Чимаевпен жекпе-жек өткізуге шақырып жүр. Октагонға шықсаңдар, бұл кездесу қалай өтеді деп ойлайсың?

 - Чимаев мықты қарсылас, бірақ ол маған қауіп төндіреді деп ойламаймын. Жекпе-жек кім мықты екенін көрсетеді. Ол туралы алдын ала ештеңе айтқым келмейді. Мысалы, сындырамын, өлімші етемін дегендей. Мұндай сөздерді айтқым келмейді. Айтайын дегенім, бәрін уақыт көрсетеді. Біз бір дивизионда болғандықтан, ерте ме, кеш пе, сегізбұрышта кездесуімізге тура келеді, сол кезде көреміз.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport