Шавкат Рахмонов - Хамзат Чимаев жекпе-жегінде кім жеңетіні айтылды

©UFC

FanScorecard твиттер аккаунты өзінің жазылушыларынан UFC файтерлері қазақстандық Шавкат Рахмонов (18-0) пен тегі шешен Хамзат Чимаев (13-0) жекпе-жекке шықса, кім жеңетінін сұрады, деп жазады Vesti.kz
 
Сауалнама нәтижесі дауыс берген 438 адамның 60 пайызы Рахмонов жеңеді, ал 28,3 пайызы Чимаев деп ойлайтынын көрсетті. 

Еске салайық, Чимаев біраз уақыт бұрын Рахмоновпен бір салмақта (жартылай орта) өнер көрсеткен, алайда кейін Хамзат орта дивизионға көтеріліп кетті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport