Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов Naiza Fighting Championships президенті Нұрбек Қарабалаға берген сұхбатында оның жекпе-жектерін тамашалау үшін ададмдар ұйқыдан ерте тұруға дайын екені ұнайтынын айтты.
- Бұрын бізді Гена Головкин ерте оятатын. Қазір сен оятасың, сосын сенің жекпе-жектеріңді тамашалаймыз. Қазақстан үшін халық қаһарманына айналып бара жатқаныңды сезесің бе?
- Әрине, адамдар менің айқастарым үшін ерте оянып, жанкүйер болатыны ұнайды. Мен өте қуаныштымын. Жанкүйерлерімді әрдайым қуантуға тырысамын.