Шавкат Рахмонов Головкин туралы ойын айтты

2 наурыз 2023 14:33
©instagram.com/mma_f1ghters_kz/

UFC-де өнер көрсететін Шавкат Рахмонов "Матч ТВ" арнасына берген сұхбатында отандасы Геннадий Головкин туралы ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz

- Жекпе-жек бағытында Қазақстан атынан өнер көрсеткен ең мықты спортшы осы уақытқа дейін Головкин болды. Онымен ортақ бір таныстарыңыз бар ма?

- Ортақ таныстарымыз бар, алайда жеке сөйлескен емеспіз. Ал жекпе-жектерін үнемі тамашалаймын.

- Одан бірдеңе үйрену үшін бе?

- Гена - өте мықты боксшы, бірақ стиль мен тактика жағынан ол басқаша жұдырықтасады. Бірдеңе үйренеміз әрине, дегенмен көбіне спортшының жекпе-жектерін ол ұнайтындықтан тамашалайсың, қалай ұратыны немесе қалай күресетіні ұнағанда. Ал бірдеңе үйрену үшін тамашалау ол қиын.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: