UFC-де өнер көрсететін қазақстандық Шавкат Рахмонов америкалық Келвин Гастелумнің ұсынысына жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мұның алдында Рахмонов оны айқасқа шақырған. Гастелум ұсынысты қабыл алып, 16 қыркүйек - Мексиканың тәуелсіздік күні Лас-Вегаста өтетін турнирде жұдырықтасуға шақырды.
"Мына жігіттің менімен жекпе-жекке шыққысы келетін сияқты. Let's go", - деп жауап берді Шавкат.