Единоборства
12 мамыр 2025 09:18
 
Шавкат Рахмонов Белалды жеңген жаңа чемпионға үн қатты

  Пікірлер

blog.share

Шавкат Рахмонов Белалды жеңген жаңа чемпионға үн қатты ©Тұрар Қазанағапов

Жеңілмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (19-0) америкалық Белал Мухаммадты (24-4) жеңіп, жартылай орта салмақта UFC чемпионы атанған аустралиялық Джек Делла Маддаленаның (18-2) сенсациялық жеңісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Құттықтаймын, Джек Делла Маддалена. Ұзақ үзіліс пен жарақаттардан кейінгі тамаша өнер көрсеттің. Сен білесің, мен 170 фунт салмақта үлкен сынақпын. Ерте ме, кеш пе, менің уақытым келеді", — деп жазды Рахмонов әлеуметтік желілерде.

Еске салайық, Монреальда (Канада) өткен UFC 315 турнирінің басты жекпе-жегінде Маддалена Белал Мухаммадты төрешілер шешіммен жеңіп, жартылай орта салмақта UFC-дің жаңа чемпионы атанды. Бұл Белалдың титулды алғаш қорғауы болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!