"Шавкат Рахмонов бар". Шетелдік сарапшы UFC рейтингі әділетсіз құрылғанын меңзеді

31 тамыз 2021 09:15
©UFC

ММА туралы жазатын белгілі Sherdog порталының редакторы Джей Петтри UFC рейтінгімен келіспейді. Бұл туралы ол Twitter желісінде мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Сарапшы бұрынғы чемпион Робби Лоулер (28-15-0-1) қатарынан төрт жеңілісіне қарамастан ұйымның жартылай орта салмақ рейтингінің үздік 15 тізіміне енгеніне наразы.

"Лоулер 2017 жылдан бері жеңген емес, бірақ, рейтингке қалай кірген? Лоулерді бәрі ұнатады, дегенмен, оның орнына жеңіп келе жатқан жігіттердің біреуін қою керек еді. Джеймас Краузе UFC-дің жартылай орта салмағында төрт жеңіске жетті, сонымен қатар, жеңіс сериясымен келе жатқан Мишел Перейра, Макс Гриффин мен Шавкат Рахмонов бар", - дейді Петтри.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport