Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) өзін жекпе-жекке шақырған ирландиялық Иан Гэрриге (15-0) жауап берді.
Ирландиялық файтер Белал Мухаммадтың жарақатына байлансты қарсылассыз қалған Шавкатты айқасқа шақырған еді. Алайда кейін Гэрри желтоқсанда Хоакин Баклимен жұдырықтасатын болды.
"Бәрібір, мен дайнымын. Кез келген уақытта айқасуға дайынмын. Бәріне ыңғайлы болса болды. Мені жеңемін дей ме? Қолынан келсе, істеп көрсін. Жаттығу кезіндегідей жасаймын. Оның маған қарсы мүмкіндігі жоқ.
Мақтанғаным емес, бірақ мен онымен кез келген бағытта айқастым. Оған тік тұрып та, партерде де мүмкіндік бермегенмін", - дейді Рахмонов журналист Ариэль Хельваниге.