Шавкат Махачевтің өз салмағына өтуіне қатысты ойын айтты

27 желтоқсан 10:01
©Тұрар Қазанғапов

Жартылай орта салмақта (77 келіге дейін) өнер көрсететін қазақстандық Шавкат Рахмонов (18-0) салмағына қарамастан жасалған рейтингте UFC ұйымының ең мықты файтері Ислам Махачевтің (25-1) дивизион ауыстыруына қатысты ойын айтты, деп жазады Vesti.kz.

Қазіргі таңда дағыстандық чемпионы жеңіл салмақта өнер көрсетуде.

"Ислам 77 келіде сәтті өнер көрсете ала ма? Оны уақыт көрсетеді. 77 келіде де ол мықты файтер болады әрине. Ең бастысы: ол белбеуді жеңіп алса да, оны қорғай ма әлде тастап кете ме? Міне осы қызықты. Егер ол титулды жеңіп алып, ары қарай қалса қызықты болады. Ал бір рет жеңіп алып, қорғамай бос қалдырып кетсе онда қызық емес", - дейді Шавкат "Вестник ММА" YouTube арнасына. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport