Шавкат чемпионмен айқасудан бас тартты ма? UFC басшысы мәлімдеме жасады
UFC басшысы Дана Уайт англиялық чемпион Леон Эдвардс UFC 300 мерейтойлық турнирінде жекпе-жек өткізуге келіскенін, алайда оған қарсылас табылмағанын айтады, деп жазады Vesti.kz.
UFC басшысы Дана Уайт англиялық чемпион Леон Эдвардс UFC 300 мерейтойлық турнирінде жекпе-жек өткізуге келіскенін, алайда оған қарсылас табылмағанын айтады, деп жазады Vesti.kz.
Уайттың сөзінше, жартылай орта салмақта чемпионмен жұдырықтасудан үш қарсылас бас тартқан.
"Леон Эдвардс UFC 300 турнирінің басты жекпе-жегіне шыға алмады. Ол біздің барлық ұсынысымызға келісті. Біз бірінен соң, бірін айтып, үш қарсылас ұсындық. Ол әрдайым: "иә, иә, иә" деп қана жауап берді. Бірақ барлық үш қарсылас онымен айқасудан бас тартты. Леонға құрмет, үлкен рахмет", - дейді Дана UFC-дің баспасөз мәслихаты кезінде.
Айта кетейік, Эдвартстың әлеуетті қарсыластарының бірі жартылай орта салмақ рейтингінде үшінші тұрған Шавкат Рахмонов.
Жарнама