UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы америкалық Белал Мухаммад (24-3) орта салмаққа ауысатынын мәлімдеп, белгілі Хамзат Чимаевпен (14-0) жекпе-жек өткізугісікелетінін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мухаммад жоғары салмаққа өте ме?
Бұған дейін Белал шешен спортшымен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтқан еді, алайда кейін Чимаев басқа салмаққа өтіп кетті. Белал енді Чимаевтың жаңа дивизионында бұл кездесуді қайта ұйымдастыруға дайын екенін жеткізді, бірақ бір шарты бар - бұл титулдық жекпе-жек болуы тиіс.
Хамзат америкалық спортшының бұл мәлімдемесіне әжуамен жауап берді.
Әлеуметтік желідегі троллинг
"Сен (Белал) өайда қыстырылып жатырсың, пони?", – деп жазды Чимаев, бір қарыс жылқының суретін жүктеп.
bullyb170 куда ты лезешь пони ??? pic.twitter.com/i4HMuSSavJ
— Khamzat Chimaev (@KChimaev) April 29, 2025
Тегі палестиналық файтер бұл қалжыңға жауап ретінде екеуінің ықтимал жекпе-жегінің постері бейнеленген футболкамен түскен суретін жариялады.
"Орта салмаққа ауысмын", – деп жазды Белал өзінің жазбасына.
Goin to middleweight https://t.co/u4QzXQb3iP pic.twitter.com/owTlYl8HHH
— Belal Muhammad (@bullyb170) April 29, 2025
Ал Рахмоновпен ше?
Айта кетейік, Белал Мухаммад қазақстандық Шавкат Рахмоновпен (19-0) екі рет жекпе-жекке шығу керек болған, бірақ, екеуі де өтпей қалды. Бірінші рет 2024 жылдың желтоқсанында UFC 310 турнирінде титул үшін жұдырықтасуы керек еді, алайда, чемпион аяқ жарақатына байланысты кездесуден бас тартты.
Екінші рет бұл жекпе-жек 2025 жылдың мамыр айына жоспарланған болатын, бұл жолы Шавкаттың денсаулығына байланысты айқас тағы өтпеді. Шавкаттың орнына Белалмен аустралиялық Джек Делла Маддалена (17-2) шығатын болды.
Дегенмен, Шавкат пен Белалдың кездесуге әлі де мүмкіндігі бар. Себебі Маддалена мен Мухаммад арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы осы биыл Рахмоновқа қарсы титулды қорғауға міндетті болады.
Жарнама