Шавкат әдемі жеңісінен кейін қосымша табысқа кенелді

26 маусым 2022 12:26
©fightnews

Шавкат Рахмонов UFC-дегі жарқын жеңісінен кейін аталмыш промоушеннен алдын ала келісілген табысынан бөлек 50 мың АҚШ доллары алады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Екінші раундтың соңғы секундтарында америкалық Нил Мэгниді қылқындыру әдісімен жеңген сәті кештің үздік айқасы номинациясында топ жарды.

Еске салайық, бұл кеште Рахмоновтан бөлек қазақстандық Сергей Морозов та бразилиялық Раулиан Пайваны жеңді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport