Сергей Морозовтың UFC ұйымындағы жекпе-жегі болмайтын болды

21 қазан 2020 10:59
Сурет: instagram.com/morozclub777©
Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Сергей Морозов Абу-Дабиде өтетін UFC турнирінде өнер көрсетпейтін болды. Бұл туралы журналист Игорь Лазорин Instagram парақшасында жазды. 

"Сергей Морозов маған UFC 254 турнирінде өнер көрсетпейтінін айтты. UFC басшылары жарақат алып қалған Умар Нурмагомедовтің орнына қарсылас іздеп жатқан жоқ. Қазақстандықтың қарсыласы болуы керек деген Азиз Сатыбалдиев Дубайдан ұшып кетіпті", - деп жазды ол.

Айта кетейік, UFC 254 турнирінің басты айқасында жеңіл салмақта ұйымның чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Джастин Гэтжи жекпе-жек өткізеді. Бұл турнир 24 қазан күні Абу-Дабиде (БАӘ) өтеді. Морозов Нурмагомедовтің бауыры Умар Нурмагомедовпен шығуы керек еді. Бірақ ол жарақат алып қалды. 



Метки: