UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық спортшы Сергей Морозов (17-6) Хьюстонда (Техас штаты, АҚШ) өткен UFC 271 турнирінде жеңіліп қалды. Бұл жеңілісіне қарамастан ақтөбелік спортшы промоушеннен сыйақы алды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Морозов пен бразилиялық Дуглас Силва де Андраде (28-4-0-1) арасындағы айқас турнирдің ең үздік жекпе-жегі деп танылды. Сондықтан да екі файтер де UFC-ден қосымша сыйақы ретінде 50 мың доллар (21,5 миллион теңге) алды.
Айта кетейік, Морозов бүгін UFC ұйымында екінші рет жеңілді. Ол екінші раундта қылқындыру әдісіне түсіп қалды.