Сергей Морозов UFC-дегі кездесуіне қалай дайындалып жатқанын көрсетті

30 сәуір 2022 16:17
©instagram.com/morozclub777/

Қазақстандық файтер Сергей Морозов Instagram парақшасында АҚШ жерінде өткізіп жатқан жаттығуларын көрсетті. Отандасымыз қазір UFC ұйымындағы келесі айқасына дайындалуда, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Морозов 25 маусым күні Жалғас Жұмағұловты жеңіп кеткен бразилиялық Раулиан Пайвамен жұдырықтасады. 

"Габриэль де Оливейрамен (танымал бразилиялық жаттықтырушы) жақсы жұмыс істедік", - деп жазды файтер. 

Айта кетейік, Морозов соңғы кездесуін ақпан айында өткізіп, бразилиялық Дуглас Силва де Андрадеден жеңіліп қалды. Бұл оның UFC-дегі екінші жеңілісі болды. 

Еске салайық, Морозовпен бірге Жалғас Жұмағұлов та дайындық өткізуде. Ол 4 маусым күні америкалық Джефф Молинамен жолығады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport