Сергей Морозов Хабибтің бауырына қарсы кездесуге қалай дайындалып жатқанын айтты

23 қыркүйек 2020 17:49
Сергей Морозов. Фото: instagram.com/morozclub777/
Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Сергей Морозов UFC ұйымында Умар Нурмагомедовке қарсы өтетін кездесуге дайындығы қалай өтіп жатқанын айтты,- деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Дайындығым жоспар бойынша өтіп жатыр. Барлығы кезең-кезеңімен өтуде. Қазір ауыр жаттығуға кірістік. 

Умар Нурмагомедовке келер болсақ, мен оны мықты қарсылас деп ойлаймын. Оған қарсы кездесуге толық дайын болып шығамын. 

Алдағы кездесудің тағдырын не шешетін білмеймін. Мүмкін мінез шығар. Тактика болуы да ғажап емес. Біздің рухымыз да үстемдік құруы бек мүмкін. 

Бастысы жаттығу жасауға барлық мүмкіндік жасалды. Толыққанды жаттығып жатырмыз. Шағымдана алмаймын. Барлығы дұрыс", - деді Морозов. 

Еске салайық, бұл екі спортшы 24 қазан күні Абу-Даби қаласында өтетін UFC 254 турнирінде кездеседі. Екі спортшы үшін де бұл ұйымдағы алғашқы кездесу болмақ. 

Ал кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақта UFC чемптоны ресейлік Хабиб Нурмагомедов америкалық Джастин Гтэтжиге қарсы кездесуде белбеуін қорғайды. 





Метки: