"Сендер ақшаға төбелесесіңдер, ал біз мың жыл айқасып келеміз". Қазақ файтер UFC-дегі жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

22 мамыр 2021 11:47
Сурет: fightnews.info©

Ресейлік қазақ Дамир Ысмағұлов (19-1) UFC Vegas 27 турниріндегі Рафаэль Алвеспен (19-9) болатын жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Ал олардың қалай тышқан аулайтынын көрдік, енді қалай жұдырықтасатынын тексерейік! Бір адам айтқандай: "Сендер ақша үшін төбелесесіңдер, ал біз мың жылдан бері айқасып келеміз", - деп жазыпты Дамир Instagram желісінде. 

Дамир осымен UFC-дегі төртінші жекпе-жегін өткізеді, мұның алдындағы үшеуінде де ол жеңіске жеткен. 

Жексенбі, 23 мамырда өтетін бұл турнирде тағы бір қазақ спортшы Сайран Нұрданбек (19-6) те бірінші айқасын өткізеді. Сайран Қытайдағы қандасымыз екенін айта кетейік. 

Ал бұл шоудың басты кездесуінде америкалық файтерлер Роб Фонт (18-4) пен Коди Гарбранд (12-3) жұдырықтасады.