"Секунданттары кешірім сұрап келді". Жұмағұлов қарсыласының лас әрекеттері туралы

16 шілде 2020 11:13
Сурет: UFC©
Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (13-4) Arlan MMA Pro Team командасының YouTube арнасындағы тікелей эфирде UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі туралы және бразилиялық қарсыласы Раулиан Пайваның құйтырқыларын айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Лас жұдырықтасатынын білмедім, саусақтармен көзден нұқуға тырысты, бұттан тепті. Кез келген қарсыласыма білдіретін құрметпен қарасам. Салмақ та түсірмеген, 1,5 келі ол өте көп. Адамдар 100-200 грамм асып тұрса да жұдырықтаспайды. Маған тіпті 150 граммды да түсіруге тура келетін. Ол күш сақтау үшін солай істеген шығар. Жекпе-жектен кейін Пайваның секунданттары келіп кешірім сұрады, сен жеңдің деп қояды. Бұтым қатты ауырды, екі күндей ұйықтамадым.

Функционалдық жағынан менде қиындық жоқ, тек бірінші раундта баяумын да, ары қарай қарқын ала беремін. Бауырына дәл тигенім бар, камерадан байқалмайды, бетпе-бет тұрғанда ғана түрі тыжырайып кеткенін көруге болады. Бәрі нокаутқа түсірігісі келеді, бірақ, олай бола бермейді. 

Мен бес раундқа үйреніп алыппын, қыздырынуым баяу, үш раунд аз болып қалды.  

Енді жіберген қателіктерімізді түзейміз. Виза алып АҚШ-та жаттығамын деп ойлап отырмын. Жаңа деңгейге көтерілу керек. 

Қолдау білдіргендердің бәріне рахмет. Мүмкіндік болса әрбірінің қолын алып, тілдесер едім", - дейді Жұмағұлов.