Единоборства
12 шілде 14:17
 

Сайқымазақ, шоумен. Чимаев UFC файтерлерін сипаттап Рахмоновты да атап өтті

  Пікірлер

blog.share

Сайқымазақ, шоумен. Чимаев UFC файтерлерін сипаттап Рахмоновты да атап өтті ©Тұрар Қазанғапов

UFC-дің жеңіліп көрмеген файтері Хамзат Чимаев карьерасындағы басты айқасқа дайындығы кезінде ұйымдағы үздік спортшылар туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

UFC-дің жеңіліп көрмеген файтері Хамзат Чимаев карьерасындағы басты айқасқа дайындығы кезінде ұйымдағы үздік спортшылар туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Өзіне тән тік мінезбен Чимаев әлеуетті қарсыластары мен дивизиондағы әріптестеріне қысқа әрі өткір сипаттама берді.

"Колби Ковингтон - сайқымазақ. Хорхе Масвидаль - жалған гангстер. Камару Усман - мықты файтер. Шавкат Рахмонов - мықты файтер. Алекс Перейра - қорқақ бала. Роберт Уиттакер - жақсы жігіт. Шон Стрикленд - көңілді жігіт. Конор Макгрегор - шоумен", – деді Чимаев Red Corner MMA-ға берген сұхбатында.

Айта кетейік, 17 тамызда Хамзат Чимаев орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін октагонға шығады. Оның қарсыласы - қауіпті де күшті Оңтүстік Африка спортшысы Дрикус Дю Плесси болмақ. UFC 319 турнирі АҚШ-тың Чикаго қаласында өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!