Саунаға 12 рет кірдім, 1,5 сағат ұйқы мен 5 литр су. Жұмағұлов жекпе-жек алдында қалай салмақ қуғанын айтты

15 шілде 2020 18:32
Қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов Arlan MMA Pro Team командасының YouTube арнасына берген сұқбатында UFC ұйымындағы бірінші кездесуінің алдында қалай салмақ қуғанын айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Ол аз ұйықтағанын, ал салмақ қуудың бағдарламасын диетолог жазып бергенін айтты. 

"Мен көруім керек нәрсені көрдім. Мен үшін жанкүйер болған барлықтарыңызға рақмет. Біздің жанкүйерлер ең адал, әрі ең мықты. Жауапкершілік болды. Қиын болды. UFC - әлемдегі бірінші ұйым ғой. Ол жақта ештеме ойламайсың. Сен үшін барлығын жасап қояды. 

Үш күн бұрын салмақ өлшедім. 63,4 келі болдым. Сосын диетолог маған арнап жаттығулар жазып берді. Қашан ұйықтап, қашан тұратынымды айтты. Ұйықтау үшін дәрумендер берді. Соңғы күнде үйренбеген тамақтарды берген кезде қиындау болды. Соңғы төрт күнде бір жарым, екі сағаттан ұйықтадым. 

Салмақ тастау үшін арнайы дәрумендер берді. Бір күнде 5,8 литр су ішу керек. Мұндай кезде саған ақша немесе суды таңдауға беретін болса, суды таңдайсың. 11 немесе 12 рет саунаға кірдім. Шыққан соң бес минут орап жатқызды", - деді Жұмағұлов. 

Айта кетейік, Жұмағұлов өткен демалыста бразилиялық Раулиан Пайвамен кездесіп, жеңіліп қалған болатын. 




Метки: