Америкалық журналист Стив Дункан қазақстандық Жалғас Жұмағұловтың (14-8) америкалық Джошуа Ваннан (7-1) қандай басымдығы барын айтты. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ол жекпе-жекке болжам жасады.
Жұмағұлов 24 маусым АҚШ-тың Джексонвилл қаласында өтетін UFC Fight Night тутнирінде октагонға оралады. Соңғы екі айда қарсыластардың кесірінен Жалғастың жекпе-жегі төрт рет шегерілді.
"Жекпе-жектің шегерілуі - файтер үшін стресс. Ал егер мұндай төрт рет болса, бұл дайындыққа бәрібір әсер етеді. Екінші жағынан, Жұмағұлов ашулы болады және барын салады. Қарсыласының тәжірибесі аз. Қазақстандық спортшы жекпе-жектің бірінші бөлігінде-ақ мерзімінен бұрын жеңіске жете алады деп ойлаймын. Толық үш раунд айқасса да Жұмағұлов жеңеді деген ойдамын", - дейді Дункан.