Сарапшы UFC-дегі қазақстандық спортшының басты ерекшелігін атады

14 қазан 2021 11:48
©UFC.com

Қазақстандық Мария Агапова - өз салмағында UFC-дегі болжауға келмейтін файтерлердің бірі. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Allaccessmma.com порталының шолушысы Роб Бартл осындай пікір білдірді. Маманның сөзінше, бұл жағдайда оның тұрақсыздығы кемшілік қана емес, кейде артықшылық та болып тұр.

"Агапованың UFC-де айқасы - бұл өзгеше дүние. Ол дивизиондағы болжауға келмейтін спортшылардың бірі. Қарсыласын күл-талқан ете алады, тұншықтырып немесе нокаутқа түсіріп. Ал екінші айқасында өзінің көлеңкесі болып қалады. Тұрақсыздық оның үлкен кемшілігі. Мүмкін тәжірибе жетіспеушілігі шығар. 

Екінші жағынан оның айқастарынан не күтеріңді білмейсің. Интрига - көрермен тартудағы басты аспект. Агапованың жекпе-жектерін тамашалау әрдайым қызық болады", - дейді Бартл. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport