Сарапшы UFC-де жеңілген қазақстандықтың болашағына қатысты ойын айтты

19 қыркүйек 2022 09:45
©instagram.com/mma.mashka/

Британиялық MMA Sport порталының сарапшысы Бен Смит Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық Мария Агапованың канадалық Джиллиан Робертсоннан жеңілісіне қатысты ойын айтты. 

Лас-Вегаста өткен UFC турниріндегі жекпе-жекті Робертсон екінші раунда сабмишенмен аяқтады.

"Агапова бірінші раундта өзін тамаша көрсетті. Көбірек соққы жасап, белсенді болды. Робертсон қиын жағдайға шыдап, өзінің мүмкіндігін күтті. Осылай ол жеңіп қана қоймай, сабмишенмен жеңістер сериясындағы рекордын жаңартты. Агапова үшін бұл әрине жаман. Дегенмен қатарынан екі жеңіліс оның болашағына балта шаппайды. Ол UFC-де кемі бір айқас өткізеді, алайда, оның карьерасы күмәнді", - дейді Смит. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport