Сарапшы Рахмонов үшін жалғыз қауіпті атады

©UFC

Mmafighting.com шолушысы Эндрю Сингтон Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында UFC-де өнер көрсетіп жүрген Шавкат Рахмоновтың (18-0) болашағына қатысты пікір білдірді. 

Қазіргі таңда Рахмонов ұйым рейтингінің топ-3 тізімінде.

"Шавкат Рахмонов осы дивизионды алып, біраз уақыт уысында ұстап қалатынына сенімдімін. Алайда ол жас және физикалық тұрғыда ірі. Егер қазақстандық дегеніне жетіп, жартылай орта салмақта чемпион атанса, ол жоғары дивизионға өтеді деп ойлаймын. Мұны тамашалу қызықты болады. Шавкат үшін жалғыз қауіп - Леон Эдвардс. Ол ақылды чемпион және оны UFC жоғары бағалайды. Оны титулдан оңайшылықпен айырмас - сондықтан оны анық жеңу үшін барды салу керек", - дейді Сингтон.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport