Сарапшы Морозов пен Ньюсон арасындағы айқастың фаворитін атады

12 қыркүйек 2022 22:48
©UFC

Қазақстандық файтер Сергей Морозов (18-5) UFC промоушеніндегі келесі айқасын америкалық Джурни Ньюсонға қарсы өткізеді. Аталмыш жекпе-жекте Морозов фаворит. Бұл туралы mma.uno сайтының редакторы Стив Дункан Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.

"Морозов UFC-дегі қадамын сәтсіз бастады. Алайда оның сәтсіз сериясы тоқтады. Ол өзінің орнын осы промоушеннен тапқан секілді. Оның үстіне жаңа келісімшарт жасасты. Алдағы айқасқа тоқталатын болсам, Джурнидің статистикасы нашар. Морозов болса жан-жақты төбелес көрсете алатын спортшы. Менің ойымша Сергей Морозов алдағы кездесудің айқын фавориті",- дейді Дункан.

Еске салайық, қос спортшы UFC-де төрт жекпе-жектен өткізді. Морозов екеуінде жеңіске жетсе, қалған екеуінде жеңіліс тапты. Ал Дунканның промоушендегі рекорды 1:2. Тағы бір айқас өтпей қалған еді.  

Морозов пен Ньюсон арасындағы айқас 17 желтоқсан күні өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport