Сарапшы Жұмағұловтың келесі айқасында шешуші болатын әлсіз тұстарын атады

2 желтоқсан 2021 17:40
©UFC

MMA Plus сайтының журналисті Бен Смит Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында 5 желтоқсан күні өтетін Жалғас Жұмағұлов (14-5) пен анголалық Манел Капе (16-6) арасындағы кездесу туралы ойымен бөлісті. Әңгіме барысында ол алдағы айқастың басты ерекшелігі мен фоварит кім екенін айтты. 

"Бұл кездесуді асыға күтіп жүрмін. Екі спортшы да карьерасында бірдей кезеңді басынан өткізуде. Екеуі де бірінші айқаста жеңіліп, кейін жеңді. Алдағы кездесуде жеңіске жеткен спортшының болашағы жақсы болады. 

Менің ойымша, бұл кездесуде Манел фоварит. Ол тұрақты спортшы. Ал Жұмағұлов болса аяғымен дұрыс жұмыс істей алмайды. Мұны біз Джерром Риверрамен өткен кездесуде байқадық. Дегенмен қазақстандық спортшының да алдағы кездесуде жеңіске жететін мүмкіндігі болады", - деді ол. 

Айта кетейік, бұл қазақстандық спортшының UFC ұйымымен жасаған жаңа келісімшарты бойынша бірінші жекпе-жегі болады. Ал Капе болса жапониялық Rizin fighting federation ұйымының чемпионы. 

Соңғы кездесуін Жұмағұлов шілде айында Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында UFC 264 турнирінде өткізіп, америкалық Джером Ривераны қылқындыру әдісімен жеңді. Ал Капе болса тамыз айында Од Осборннен айласын асырды. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: