Британиялық журналист Бен Смит Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Азат Мақсұмның (17-1) америкалық Чарльз Джонсоннан (14-6) неге жеңіліп қалғанын түсіндірді.
Айта кетейік, Джонсон UFC-ден шығып қалуға жақын қалған ардагер, ал Азат осыған дейін жеңіліп көрмеген еді.
"Бірінші раундта қазақстандық өте жақсы жұдырықтасты. Алайда одан кейін тәжірибенің жоқтығы көрініп қалды. Сонымен бірге, физикалық дайындықпен қиындықтары білінді. Әр минут сайын ол баяулай берді. UFC-де бүкіл жекпе-жек бойы тоқтаусыз жұдырықтасуға дайын болу керексің. Ал қазақстандық бірінші раундқа ғана шыдады. Оған физикалық дайындық бойынша жақсы бапкер және мықты жаттығу лагері қажет. Егер осы жағын жөнге келтірсе, нәтиже да жақсырақ болады", - дейді Смит.