Сарапшы ашулы Жұмағұлов қарсыласына не істейтінін айтты

30 мамыр 2023 18:10
©UFC

Sportskeeda.com порталының шолушысы Пранав Пандей Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Жалғас Жұмағұлов пен бразилиялық Фелипе Буньес жекпе-жегіне болжамын айтты. 

Бұл айқас 17 маусым АҚШ-та өтеді. Осыған дейін Жұмағұловтың қарсыластары екі рет ауысқанын айта кетейік.

"Жұмағұловтың жасы үлкен. Көптен бері жұдырықтасқан жоқ, қарсыластары ауысып, жекпе-жегі шегеріле берді. Оның UFC-ден кететін уақыты болды. Мұны ол өзі де түсінеді, алайда бәрін әдемі жасап кетуге тырысады. Бұл жолы біз ең мықты Жалғасты көреміз деп ойлаймын. Ол мерзімінен бұрын жеңуге барын салады. Ашулы Жұмағұлов қарсыласынан қауіптірек екені сөзсіз, сондықтан басымдықты қазақстандыққа беремін", - дейді Пандей. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport