"Сәпиев ішінен ұрды...". Жас балуанмен жанжалдың мән-жайы мен кінәлілер айтылды
Жеңіл салмақта Гран-при ACA финалисті қазақстандық Артем Резников Batyrball турниріндегі Серік Сәпиев пен жас балуан Мусихановтың арасындағы жанжалға қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz сайты mma.metaratings.ru порталына сілтеме жасап.

Олимпиада чемпионы Сәпиев балуанмен жанжал туралы алғаш рет ойын айтты
Еске салайық, Batyrball (күрес пен баскетболдың қосындысы) ойыны кезінде жас балуан Сәпиевті жерге аямай лақтырды. Олимпиада чемпионына мұндай әрекет ұнамай қалды да, ол қарсыласына нарзылығын білдірді. Осыдан кейін мұның арты төбелеске дейін бара жаздады.
Резниковтың ойынша, жанжалға екі сопртшы да кінәлі.
"Мусихановқа өзінен 20 жас үлкен адамды төбелесуге шақырғаны үшін кешірім сұрауына тура келді. Мәселе олар ойын ережесін соңына дейін біліп алмағандығында. Ережелердің өзі де нақты, айшық емес. Осыған байланысты Зелимхан ереже бойынша ойнадым, ал Серік ереже бұзылды деп ойлады.
Бізге қарсыласты допсыз да лақтыруға рұқсат етті. Біз допсыз жүрген қарсыласты бірнеше рет лақтырдық, бізді де. Зелимхан Сәпиевті көтеріп алғанда ол: "Мені лақтырып керегі не?" дегендей қолын жайып, ишара білдірді. Күрес әдісінен кейін ол Мусихановтың ішінен ұрды. Осыдан жанжал басталды. Былай төрелік айту қиын. Әркімдікі өзінше дұрыс. Екеуі де кінәлі", - дейді Резников.
Жарнама