Единоборства
18 маусым 2021 21:17

Санжар Әділов EFC 37 турнирінде жеңіске жетіп титулды айқас сұрады

Қазақстандық файтер Санжар Әділов Алматыда өтіп жатқан EFC 37 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz

Қарағандылық спортшының қарсыласы дағыстандық Ильмиямин Джавадов болды. Бес минуттан үш раунд қорытындысы бойынша Санжар төрешілердің бірауыздан шыққан шешімімен жеңді. Бұл оның қатарынан жеткен үшінші жеңісі. 

"Қазақстандық барлық бауырларым мен жанкүйерлерге үлкен рахмет", - деді Әділов, сонымен бірге, ол ұйымдастырушылардан титулды айқас сұрады. 

Еске салайық, бұл турнирді Хабиб Нурмагомедотың лигасы өткізіп жатыр. UFC жұлдызы өзі де Алматыда жүр. 

Мұның алдында осы жарыста қазақстандық Виталий Радионов пен Исатай Теміров қарсыластарына есе жіберді.